ШҚО-да тәрбиешінің салғырттығынан бала зардап шекті
Өскемен қаласындағы балабақшалардың бірінде бала жарақат алған
Оқыс жағдай ағымдағы жылдың шілде айында болған. Өскемен қалалық пркуратурасы хабарлағандай, қыз баланың денесінен жарақаттар анықталған.
Жағдайдың мән-жайын ешкім ашып айтпаса да, баланың анасы жазған арыз бойынша ҚР ҚК 141-бабы " Балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін дұрыс атқармау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басиалды.
Мекеме берген мәліметтерге сүйенсек, Өскемен қалалық ІІБ Үлбі ПБ екі ай бойы жағдайдың мән-жайын анықтаған. Қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі жабу туралы шешім қабылданған.
Ал қалалық прокуратура қабылданған шешіммен келіскен.