ШҚО-да бүтін бір қала ауыз сусыз қалды
Риддерде бүгін бесінші күн су жоқ. Тұрғындар су табу үшін түрлі айлаларға баруда
Қаладағы суға қатысты мәселе табиғи құбылыс емес, дәстүрге айналып кеткен мәселе көрінеді.
"ЛК ГЭС" түсіндіргендей, қыс түсе су мұзбен араласып, су іркуіш қоймалары бітеліп қалады.
- Бүгін су арнасына су келе бастады, - дейді су қоймасының моторшысы Вера Радостева. - Су түбіндегі қалғанды жуу қажет. Мамандар қажетті жұмыстарды атқарып, мұз қабыршақтарын лақтырып тастағаннан кейін, тұрғындарға су бере бастаймыз. Бізде қосымша су сорғылар бар, бірақ оның қуаты барлық қаланы сумен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.
Моторшының сөзіне сүйенсек, риддерліктердің үйлеріне ауыз суы жақын күндері беріліп қалуы керек.
Следующая →