Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанның төл теңгесі мерейтойын атап өтті

Осыдан 25 жыл бұрын, 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда нарық айналымына өз валютасы – теңге енді

Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің айғағы – Ұлттық валюта күні. Осыдан тура 25 жыл бұрын төл теңгеміз айналымға еніп, ұлттық валютаның тарихы басталған еді, ширек ғасырда теңгенің қалай өзгергеніне шолу жасадық, деп жазады Sputnik Қазақстан

1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валюта енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Араға үш күн салып, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізіледі. 1993 жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 8.00-ден қазақстандықтар банктерге ағылып, ұзын-сонар кезекте тұрып, қолдарында ескі ақшаны жаңа валютаға айырбастай бастайды.

Ескі ақшаны айырбастау процесі 20 қарашада кешкі 20.00-де аяқталады. Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені 1000 рубльге бағалаған болатын. Алайда, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері мен мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, 1 теңге 500 сомға бекітілді.

Қазақстан КСРО ыдырығаннан кейін "рубль аймағынан" бірден шығып кете алмады. Себебі өз банкнотасын шығаратын жеке фабрикасы мен Монета сарайы жоқ еді. Қазақстанда ұлттық валютаны енгізу жұмыстары 1992 жылы-ақ басталып кеткен болатын. Сол жылдың 27 тамызында Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне ұлттық валютаны әзірлеуге кіріскен Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.

Алғашқы төл теңгеміз Ұлыбританияның әйгілі "Харрисон және ұлдары" фабрикасында басылып шықты. Тұманды Альбион елінен ұлттық валютаны Қазақстанға жеткізу құпия жолмен жүргізілді. Құжаттардың барлығына " Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына қажетті мүлік" деп жазылған. Ұлттық валютаның алғашқы партияларын сақтау үшін облыстарда жерасты қойма дайындалды. Сегіз күн ішінде валюта облыстар мен аудандардағы банктерге түгелдей таратылды.


Следующая →