Қызылорда облысында вагондар рельстен шығып кетті
Қызылорда облысындағы Казалы-Сексеуіл бағытындағы теміржол учаскесінде жүк вагондары рельстен шыққан
Пойызды шұғыл тежеуіне байланысты 45 жүк вагонының 16-сы істен шыққан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себептері зерттелуде. Оқиға орнына құтқару экипаждарының мамандары бар қалпына келтіру пойыздары жіберілді.
- Қысқа уақыт ішінде қабылданған шаралар арқасында сағат 05.51-де қозғалыс қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстарына байланысты келесі жолаушылар № 378 Маңғышлақ - Алматы; № 481 Ташкент - Самара; № 618 Астана – Қызылорда бағытындағы пойыздар кешіктірілді, - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.