Мектепте ақша жинауға қарсы павлодарлықтар "жедел желіге" шағымдана алады
Павлодар мектептерінде заңсыз ақша жинаса, «жедел желіге» шағымдануға болады
Павлодар облысында мектепте ақша жинауға қарсы «жедел желі» іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
- Аймақтық білім басқармасында «жедел желі» жұмыс істеп тұр. Оған 8 (7182) 32-05-60 нөмірі арқылы хабарласып, мектепте, балабақшада заңсыз ақша жинауға қатысты фактілерді жеткізуге болады, - деп мәлім етті ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқторлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің баспасөз қызметі.
Павлодар облыстық білім басқармасының ресми сайтында енді "Jivosite" арнайы мессенджері жұмыс істейді. Сондай-ақ осы басқарманың әлеуметтік желідегі парақшаларына да шағымданып, көкейдегі сұрақтарды қоюға болады.
Егер ата-аналар білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болса, олардан басы артық құжат сұрап, мазасын алса немесе мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткен мекемеге кез болса, 8 747 404 1424 нөмірі бойынша WhatsApp-желіге шағымдануға мүмкіндік жасалған.