Астанада интеллектуалды жүргіншілер өткелдері пайда болады
Астана полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елордалық жол инфрақұрылымын жетілдірумен айналысуды жоспарлауда
Жуықта Астананың жол инфрақұрылымы жақсармақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Маңызы бар көшелерде интеллектуалды жүргіншілер өткелдерін орнату жоспарда бар. Ол өткелдерде автоматты жарықтандыру орнатылады. Яғни, жолда жаяу жүргінші пайда болған кезде, жарық автоматты түрде жанатын болады.
Сондай-ақ, ауа райы мен жолдардың жағдайларына байланысты өзгеріп отыратын электронды жол белгілері де орнатылмақ.
Барлық жаңалықтар жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым оқиғаларды азайтуға арналған.