Астанада мемлекеттік инспекторға пара бермек болды
Әйел мемлекеттік бақылаушыдан бейнебайланыс арқылы өнімдерді тексеруді сұраған
Мемлекеттік инспектордың ұялы телефонының шотына аударылған 3000 теңге үшін әйелге 336700 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan сайты.
Астана тұрғыны Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторына Қазақстаннан тыс жерлерде карантиндік өнімдерді экспорттау үшін фитосанитариялық сертификат беруді сұрады. Сол үшін қызметшінің телефонына 3 000 теңге аударған.
- Мұндай ұсыныс WhatsApp арқылы мемлекеттік инспектордың ұялы телефонына жіберілді. Мемлекеттік инспектор бұл жағдайды дереу қадағалаушыға хабардар етіп, 3 мың теңгені арнайы мемлекеттік қорға жіберді, - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде.