Алматының полиция бөлімшелерінде азаматтар жұмыс жасайтын кеңселер құрылуда
Алматы полиция департаменті азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет көрсетудің жаңа үлгісін іске қоспақ
Зерттеулерге қарағанда, полиция бөлімшесіне арыздануға, жүгінуге келген азаматтар ұзақ күтетін көрінеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жағдайды жөндеу үшін 25 қазаннан бастап полиция басқармасы азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдап, үйлестіруге арналған арнайы топ ұйымдастыра бастады.
Топтың құрамына полиция қызметкерлерімен бірге ішкі істер органдарының ардагерлері де енеді.
- Үйлестіру тобы сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Олар әкімшілік ғимараттың кіреберісінде тұрады. Киімдеріне кезекші координатордың есімі жазылған бейдждер болады, - дейді Алматы полицейлері.
Жақын арада Алматы полицейлері халыққа кеңес беру жұмыстарын жүргізетін фронт-кеңселер құруды ойлап отыр.