Қазақстанда еңбек кітапшалары алынып тасталады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері жұмыс берушілерге жеке электронды істерді құруды ұсынады
Елімізде біртіндеп e-HR жүйесі енгізілгелі жатыр. Осылайша, 2019 жылдан бастап еңбек келісімшарты онлайн-режимде жүргізілетін болады, деп хабарлайды Егемен Қазақстан.
- Қазіргі уақытта жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің арасындағы іскерлік құжаттарды жүргізудің осындай амалы өте маңызды. Себебі, олардың біршама бөлігі қашықтықта жұмыс істейді. Жуық арада адамдарға жұмысқа тұру үшін тек жеке куәлік ғана қажет болады. Қалған құжаттар дерекқорда сақталады, - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, бүгінгі күні аталған қызмет жаңартылған enbek.kz сайтының ең көп кездесетін түріне айналған. Осылайша, еңбектің электронды биржа базасында цифрлы форматтағы жұмысшы профилін енгізу жүйесі мен еңбек келісімшартының есебі құрылады.