Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру мекемелері реформаланады

Білім және ғылым министрлігі Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша мұғалімдерге арналған ұлттық тестілеу жүйесі сияқты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәлімгерлерін де тестілеуді жоспарлап отыр

Тест қорытындысы бойынша тәлімгерлер категория алып, соған сай еңбекақы алатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Қазір мұғалімдердің мәртебесін көтеру бағытында, олардың жалақы, сапалы білім беру үшін барлық қажетті жағдай жасалуда. Елбасы тапсырмасы бойынша 2-3 айда - "Педагог мәртебесі туралы" заң әзірленіп, қабылданады.

- Онда педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, оқу жүктемесін қысқарту және керексіз тексерулер мен басқа да шаралардан қорғау қаралған. Елбасы Жолдауында білім саласының дамуы да айтылды. Онда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету, ортақ программа енгізу және тәрбиешілердің білім сапасын жақсарту. Бүгінгі таңда осы бағытта МЖӘ жақсы дамыған. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар сандық үлесі 30%-ды құрайды. Бұл әлемдік көрсеткішке сай. "Балапан" бағдарламасының аясында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 95%. Астана бойынша - 80%. Елбасы тапсырмасы бойынша 2019 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетуі тиіс, - деді ҚР БҒМ-нің стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департамент директоры Бахтияр Маликов.

Оның сөзінше, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің ортақ бағдарламасы жасалып бекітілген. Мектепке дейінгі білім беру орталықтары мұғалімдері мен тәрбиешілерінің білімін көтеру бағытында біліктілікті арттыру курстарын ашу жоспарланған.


Следующая →