Қазақстандықтар Тайландқа виза үшін ақы төлемей-ақ бара алады
Таиланд үкіметі екі айға визаға ақыны алып тастады. Оның ішінде Қазақстан да бар
2018 жылдың қараша мен желтоқсан айларында 21 елдің туристері үшін визаға ақы төлеуден босатылады, деп хабарлайды " Қазақстан" ХАА сайты.
Таиланд билігі елдегі туризмді дамыту мақсатында осындай шешім қабылдаған. Таиландтағы туристік операторлар алдағы жарты жылда туристер саны азайып қала ма деп қорқады. Биыл шілде айында Пухкетте ірі кеме құлағаннан кейін бірнеше адамның қаза болуы туристердің ойында Таиландтағы демалыстық қауіпсіздігіне күмән орнатуы мүмкін.
Қазіргі уақытта виза үшін ақы 2000 бат – 22 мың теңгені құрайды.