Германияда дәмі өзгеріп отыратын сағыз жасалды
Бұл сағызда барлық дәм бар – жалбыз дәмінен бастап, қуырылған ет пен пиццаға дейін
Дәмі өзгеретін сағызды Мэйдзи университетінің жапондық ғалымдары жасап шығарды. Алайда өз өнер туындыларын Германиядағы симпозиум барысында көрсетті.
Электродтар дәм сезгіштікке жауап беретін тілдің әр бөлігіне тиген кезде пайда болатын пьезоәсердің салдарынан дәм өзгертеді. Сондықтан сағыздың дәмі әр түрлі сияқты сезім пайда болады. Негізінде ол еш дәмсіз сағыз екен.
Сағыз созылғыш заттан тұрады. Консистенциясы бойынша кәдімгі сағызға ұқсайды. Оның дәмі арнайы құрылғының көмегімен ауысып отырады.
Сағыз денсаулыққа зиянды емес және ондаған жылдар бойы пайдалануға болады.
Мэйдзи университеті енді бұл сағызды көп даналап шығармақ.