Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанның ұлттық туристтік порталы ашылмақ

Kazakh Tourism компаниясы Алтайдан Жібек жолына дейінгі аралықты қамтыған ауқымды экспедицияның қорытындысын шығарды

"Ұлы Дала Еліне саяхат: Алтайдан Жібек жолына дейін" атты 6 бағыттан тұратын экспедицияны ұйымдастыруға 120 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Baq.kz.

- Экспедиция нәтижесінде жаңа туристік бағыттарды ашуды жоспарлап отырмыз. Еліміздің 60-қа тарта әсем жерлерінде болдық. Оның арасында тарихи маңызы бар ескерткіштер де, табиғаты бірегей, көркемдігі көз сүріндіретін жерлер де бар. Енді біз жиналған деректерді паспортизациядан өткізудеміз. Яғни экспедицияға қатысқан 6 топтың мүшесі жаңа туристік бағыттарды ашу бойынша бізге тиісті ұсынысты береді. Ұсыныстарды жылдың аяғына дейін қарап шығамыз. Осы жұмыстар аяқталған соң, туристік маршруттарды ашамыз, - деді Kazakh Tourism ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта Kazakhstan Travel порталы іске қосылатынын атап өтті.

- Экспедицияның тағы бір мақсаты Қазақстанның әсем жерлерін көрсететін дерек қорын жасау болатын. Қазіргі таңда бізде видео мен фотолар бар, бірақ олар жеткіліксіз. Осы айдың ортасында біз Kazakhstan Travel атты порталымызды іске қосамыз. Қазіргі таңда порталды реинновациядан өткізіп жатырмыз. Экспедиция барысында түсірілген материалдарды сайт жұмысына пайдаланамыз, - деді төраға.

Следующая →