Өскеменде шет ел көлігі азаматшаны қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы кеше кешкі уақытта Солтүстік жағалау ауданында орын алған
ЖКО сағат 17.00 шамасында Сәтбаев даңғылы, 72 мекенжайында болған.
- Suzuki Grand Vitara көлігін тізгіндеген 1986 жылғы азамат Жібек жолы көшесінен Байбатчин көшесіне қарай бет алған, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі. - Сол уақытта реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 32 жастағы әйелді қағып кеткен. Жарақат алған азаматша дереу ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметі көлік жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылғанын атап өтті.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
ДТП в Усть-Каменогорске ДТП в ВКО Сбили девушку в Усть-Каменогорске