Қазақстан ұлттық стандарттар жүйесін қабылдайды
«Стандарттау туралы» заң жобасын және оған өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мақұлдады
Бұл заң ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыруға арналған, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Ол стандарттау құжаттарының жоғары сапасын қамтамасыз етеді, стандартты орнату үдерісін оңтайландырады және ұлттық жүйеде олардың мәртебесін көтереді.
Бұдан басқа, заң жобасының міндеттерінің бірі тиісті құжаттардың жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.