Өскемендегі мектептер мен ауруханалар жылу беруге дайын
Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік нысандарды тексерді
Әкім қаладағы №36 және 39 қалалық мектептерге және облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа (№1 қалалық аурухана) барды. Барлық нысандар жылытуға дайын.
Өскемен қаласының білім беру бөлімінің мәліметтері бойынша, облыс орталығының мектепке дейінгі білім беру нысандарын қоса алғанда, басқа да білім беру ұйымдары да жылу беру маусымының басталуына дайын.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, барлық мемлекеттік ауруханалар менемханалар жылыту маусымына дайын.- Күндіз ауа температурасы орташа 10 градус деңгеййінде болса, үйлер орталық жылыту жүйесіне қосыла бастайды, - деді Өскемен қаласының әкімі.