Астанада зейнеткерлерге ақшалай көмек көрсетіледі
Халықаралық қарттар күніне орай Астанада 78 мыңға жуық зейнеткерге 6 013 теңге көлемінде біржолғы қаржылық көмек беріледі
Астана әкімдігі елордалық зейнеткерлерді құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
- Қарттар күні қарсаңында 78 мың зейнеткерге (ең төменгі зейнетақы алушылардан басқа) 6013 теңге (2,5 АЕК) мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, бұл күні зейнеткерлер қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрлерімен тегін жүретін болды. Стоматологиялық протездеу қызметтерін де тегін алғандар бар, - деп мәлімдейді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.
Біржолғы төлемдерден басқа зейнеткерлерге Щучинск-Бурабай курорттық аймағында орналасқан қарттар, мүгедектер мен мүгедек балаларға арналған сауықтыру орталығындағы жипажайда тұрақты түрде емделуі үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық адам санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтылды, оның ішінде 1,7 мың зейнеткер және 2 мыңнан астам мүгедек бар.