Балалар Евровидениесінде Қазақстанның атынан Данэлия Тулешова шығады
Алматыда гала-концерт өтті. Концерт қорытындысы бойынша Қазақстанның атынан "Балалар Евровидениесі" байқауына қатысатын үміткер анықталды
Гала-концерт "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде өткізілді, деп хабарлайды "Қазақпарат" сайты.
Қатысушылардың тағдыры көрермендердің дауысымен және Роза Рымбаева жетекшілік еткен қазылар алқасымен шешілді. Ұлттық іріктеудің нәтижесінде 12 жасар алматылық Данэния Тулешова 22 ұпай жинап, "Өзіңе сен" әнімен жолдаманы жеңіп алды.
Данэлия Тулешова көрермендердің дауыс беруінде 12 ұпай, қазылар алқасының дауыс беруінде 10 ұпайды жинаған. Ал ұпайлар қорытындысы бойынша Данэлия Евровидениеде Қазақстанды таныту құқығын жеңіп алды.