Қазақстан сенаты қылмыстық жауапкершілікті қаталдандыруды талап етті
Сенат спикері қылмыстық заңнамадағы гуманизацияны арттырмай, қаталдандыру түсу керектігін алға тартады
ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, үкімет пен парламенттің қылмыстық заңнамада гуманизацияны арттыруы қазақстандықтардың әділ наразылығын тудыруда.
Оның айтуынша, жыныстық жуыспаушылыққа, есірткі заттарын жасау, барымтаға қарсы құқықбұзушылықтың артуы, сонымен қатар сансыз жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері оған қатысы барларға тағайындалатын жазаны қаталдандыру қажеттігін тудырады.
- Осындай қылмыстық әрекеттер қоғам арасында қызу талқыға түсуде. Медиация әдісімен жазаны жеңілдету немесе жауапкершіліктен құтылу азаматтардың наразылығын тудыруда, - деп атап өтті ол.
Осылайша Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтен осы сұраққа баса назар аударуды өтінді.