Германия билігі Берлин қабырғасының көшірмесін жасауға тыйым салды
Инсталацияға рұқсат бермей Берлин тарихи орталығына қол жеткізудегі қиыншылықтарға байланысты
Берлин сенаты қала орталығында Берлин қабырғасы көшірмесінің құрылысына рұқсат бермеді. Өйткені өтінімді аз уақыт ішінде жіті қарап шығу мүмкін емес.
Берлин қабырғасының көшірмесін салу "Бостандық. Теңдік. Бауырластық" арт-жобасы аясында жоспарланған. Ол ресейлік режиссер Илья Хржановскийдің "Дау" фильмінің көрсетіліміне арналған еді. Қабырға 12 қазаннан бастап 9 қарашаға дейін салыпын қоюы керек еді.
Билік өкілдері ұйымдастырушыларға жобаны 2019 жылға қалдыруға кеңес береді. Ол кезде Германия Берлин қабырғасының құлағанына 30 жыл толуын тойлайды.