Қазақстанда мемлекеттік органдардың бірыңғай сайтын қосу жоспарлануда
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 2019 жылы мемлекеттік органдардың бірыңғай сайты пайда болатындығын мәлімдеді
Жобаның негізгі мақсаты - азаматтардың ақпаратқа қол жеткізудегі конституциялық құқығын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта мемлекеттік порталдарда барлық ақпарат жарияланбаған. Көбіне ақпараттардың қазақша және ағылшынша нұсқаларында аудармалары әрі көзі нашар көретін адамдарға арналған нұсқалар да болмайды.
- Біз ұсынып отырған тәсіл бұған дейін тексерілген - барлық мемлекеттік органдарға бірыңғай сайт. Ал мемлекеттік органдар бізге тек контент ұсынатын болады. Азаматтар үшін ыңғайлы "бір терезе" қызметі пайдаланушыға қажетті ақпаратты бір жерден табуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, бірыңғай сайтты құру - жыл сайын ақпараттық ресурстарды әзірлеу мен сүйемелдеуге бөлінетін шығынды екі есеге азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен орналастырылатын ақпараттарды біріздендіруді қамтамасыз етеді, - деп Абаев мәлімдеді.