Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанның Оскарға ұсынған "Айка" фильмі өтпей қалды

ҚР Мәдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан тарапынан Оскар сыйлығына ұсынылған «Айка» фильмі неге өтпей қалғанын түсіндірді

Министрдің атап өтуінше, «Айка» көркем фильмінің режиссері Сергей Дворцевой Қазақстанда туып өскен, алайда кейін Ресей азаматтығын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

- Фильмнің басты продюсерлерінің бірі - ол Қазақстанның азаматтығы бар Гүлнәр Сәрсенова, сонымен қатар басты рөлде Самал Еслямова ойнады. Яғни осы туындыны қазақстандық деп айта аламыз. Біз фильмді Оскар сыйлығына ұсынған кезде, біздің өтінім өтпей қалды, - деді А. Мұхамедиұлы.

Оның түсіндіруінше, бұл мәселеде халықаралық талаптар өз ықпалын тигізген, яғни фильмдегі актерлардың 50 пайыздан көбі өндіруші елдің азаматтығында болуы тиіс.

- Осы орайда талаптарды саралаған кезде, Дворцевой Қазақстан азаматы емес екені көрсетілді және қалғандары фильмдегі ілеспе актерлер. Онда тек Гүлнар Сәрсенова мен Самал Еслямова Қазақстан азаматтары. Бұл ретте аталған норманы ескере отырып, біздің өтінімге қолдау жасалмады. Халықаралық норма болғандықтан, оны бізге ұстану керек, - деді министр.


Следующая →