КХДР мен Оңтүстік Корея ядролық қаруды жою туралы келісімге қол қойды
Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин мырзаның Пхеньянға жасаған сапары барысында екі мемлекеттің басшылары кешенді әскери келісімге қол қойды
Жаңа шарттың бірі - Корея түбегін ядролық қарудан босату. Бұдан басқа, тараптар елдер арасындағы шиеленісті төмендетуге және соғыс қауіпін жоюға келісті.
Кәріс түбегінде көшбасшылары қол қойған құжаттың рәсіміне Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі Сон Ен Му мен КХДР Халық Қарулы Күштерінің Министрі Но Гван Чхоль қатысқан.
Ағымдағы жылдың 18-20 қыркүйегі аралығында Пхеньянда өткен кореялық саммит биылғы үшінші және тарихтағы бесіншісамит болды.
Жоғары деңгейдегі кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастар талқыланды.