Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы құнсызданбайды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрайымы Наурызбаева зейнетақы қорындағы ақшаның тағдыры не болатынын айтты
Нұрбибі Наурызбаева ұлттық валютаның құнсыздануы қазақстандықтардың жинағына кері әсерін тигізіп жатпағанын айтып сендірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
- Құнсыздану туралы сөз болып отырған жоқ. Ұлттық валюта бағамы өзгергенімін, біздің зейнетақы активтеріміз, керісінше, ұлғайды. Сегіз ай ішінде инвестициялық табыс 2017 жылдағы табысқа жетіп қалды. Инвестициялық табысты біз күн сайын салымшылардың есепшотына бөлеміз. Салымшылардың жинағы өсіп жатыр, — деп сендірді Наурызбаева.
Оның айтуынша, БЖЗҚ активтерінің табыстылығы сандық мәнде 2,9% инфляция кезінде 7,9%-ті құраған.
- Қазір, өздеріңіз көріп отырғандай, табыстылық инфляция деңгейінен үш есе артық. Бұл валюта бағамының айырмасы есебінен болды. Сол кезеңде шетелдік валютада номинацияланған қаржы құралдарын қайта бағалау жүргізілген еді, — деді қор төрайымы.