Қазақстанның валюта айырбастау орындарында енді алтын да саудаға шығарылмақ
Валюта айырбастау орындарына жылдың соңына дейін алтын құймаларды сатып алу мен сатуға рұқсат берілуі мүмкін
Қазір Қазақстанда алтын құймалар тек банктерде ғана беріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақша айырбастау орындарында сатылған алтыннан ешқандай салық алынбайды. Сондықтан айырбастау орындарындағы алтынның бағасы банктегіден арзан болуы мүмкін.
Қазір алтынның бір грамы 15 мың теңгеге сатылуда. Ал ақша айырбастау орындары 10, 20, 50 және 100 грамдық алтын құймаларды қабылдайтын болады.
Тақырыптар:
Продажа золота в обменных пунктах Обменные пункты Казахстана Золотые слитки в Казахстане