Астананың шенеуніктері таксимен қатынай бастады
Астана қаласының шенеуніктері қыркүйек айынан басьап қызметтік көліктерінен бас тартып, такси қызметін пайдалана бастаған
Жергілікті биліктің бағалауынша, осылайша жыл сайын бюджетті бірнеше миллионға үнемдеуге болады.
- Босаған 64 көлік әлеуметтік сала мекемелеріне өткізіледі. Ал үнемделген қаржы бастауыш сыныптарды тегін тамақтандыру, түлектерге грант бөлу, жатақханалардағы бос орын тапшылығын жою сынды жобаларға жұмсалатын болады, - деп атап өтті қалалық әкімшіліктегілер.