Қазақстан Президенті Қарағандыға миллиондаған халқы бар қалаға айналуды тіледі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды қаласының жаңа орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты
Мемлекет басшысы Қазақстанда урбанизация процесін жалғастыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan сайты.
- Адамдар ыңғайлы жерде өмір сүруге тырысады. Егер объективті түрде айтсақ, үлкен қалаларда өмір сүру ыңғайлы. Мұнда мәдениет, медицина және балаларды оқытуға мүмкіндік мол. Сондықтан урбанизация - болашақтың басты бренді. Қарағанды облысы осы мәселе бойынша бірінші орында. Облыс халқының 75 пайызы қалаларда тұрады, яғни, бұл дегеніміз - қаланы дамыту керек деген сөз, - деп Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің ресурстарды өндіруге және биржа саудасына тәуелділігін төмендететін индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.