Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандағы отбасылардың жиі тап болатын түйіткілдері белгілі болды

Гүлшара Әбдіқалықова отбасылар жиі тап болатын негізгі түйіткілдерді атады

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы отбасылар тап болатын негізгі төрт мәселенің қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

- Біздің елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешетін 31 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Түркістан облысында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» деген жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл пилоттық жоба енді ғана басталды. Біз оны аяғына дейін жеткізуіміз керек, - деді Мемлекеттік хатшы Астанада өткен «Қазақстандық қоғамды жаңғырту процесіндегі отбасының рөлі» атты дөңгелек үстел отырысында.

Мемлекеттік хатшы сонымен бірге отбасылық институттармен бірлесе отырып шешетін мәселелерді атады.

- Біріншіден - бұл ерте жастағы неке мен жасөспірімдердің жүктілігі, ерте жаста түсік жасату. Екіншіден, көбею тенденциясына ие - ажырасу мәселесі. Әрбір үшінші отбасы қазір ажырасып кетіп жатыр. Үшіншісі - жалқы (толыққанды емес) отбасылардың көбеюі. Қазіргі таңда балаларды тәрбиелеуде әкелердің аз араласуы мен бала күтімі үшін алимент төлемдеріндегі мәселе. Төртіншісі - отбасы бағытындағы жұмыс негізінен өмірлік қиындықтар басталған кезде жүргізіледі. Алдын алу жұмыстары әлі әлсіз жүруде. Елімізде мұндай өзекті мәселелерді шешуге жұмылатын нақты мемлекеттік орган - Қоғамдық даму министрлігі. Консультативтік орган ретінде біздің комиссия да кеңес жүргізіп, аталған мәселелерді шешуде ұсыныстарын жолдайтын болады, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Следующая →