Семейде әйелін балағаттаған азамат жауапқа тартылды
Семей қаласының тұрғыны отбасында жанжал шығарып, әйелін балағаттаған. Сол үшін әкімшілік жауапқа тартылған
Семей қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат осымен бірнеше рет әйеліне күш көрсетіп, балағаттаған көрінеді. Сол үшін бұған дейін ескерту жасалып, ол әйеліне барып, оның еркінен тыс сөйлесіп, мазалауға құқы жоқ еді.
Бірақ ер даам ескертуді елемей, екінші рет үйінде жанжал ұйымдастырған. Сот оны ӘҚК 461-бабы бойынша айыпты деп тапты. Ол енді үш тәулікке бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.