Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандықтар статистикаға сенбейді

Елдің Ұлттық экономика министрі дүкен мен базардағы бағалардың неліктен ресми статистикамен сәйкес келмейтіндігін түсіндірді

Мәжіліс отырысында мемлекеттік статистика жөніндегі заңға өзгерістер енгізу туралы талқылау өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Отырыста ресми деректердің шынайы деректермен неге сәйкес келмейтіндігі жайлы сауал туындады.

- Біз бір тауарға қатысты 6-10 жерден баға жинаймыз. Жинаған бағалар орташа түрде есептеліп, өңір мен республикаға қатысты ортақ статистика береміз. Статистикалық деректер бөлініп, орташа қалыпқа келтірілген кезде, әдеттегі бағадан өзгеше екендігін байқауға болады. Алайда статистикалық есеп жүргізу үшін мұндай санақ әдісінен бас тарта алмаймыз, - дейді Тимур Сүлейменов.

Алайда ресми статистиканың нақты болмауы халықтың сеніміне күдік оятуы мүмкін.

- Халық сіздердің ресми статистикаларыңыз бен сөредегі бағаның мүлдем сәйкеспейтінін бірден аңғарады. Осыдан келіп азаматтардың ресми статистикаға сенуі нашарлайды. Сондықтан статистика мамандары мұндай теңсіздіктен қалай құтылу керектігін ойланғаны жөн, - дейді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.


Следующая →