Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі қажетсіз басшылық позицияларын жоюға шақырады
Агенттіктің басшысы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеруге болатын резервтер бар екенін атап өтті
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, келер жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтерілуі тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Жалақының екі еселенуі күтіледі. Алайда мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес агенттігі басшысының айтуынша, жалақы белгіленген сомадан да жоғары болуы мүмкін. Алик Шпекбаев жалақыны көтеруге байланысты резервтерді белгіледі.
Олар, бірінші кезекте, әкімшілік шығыстарды оңтайландыру болып табылады.
- Меніңше, жалақыны көтеруге болатын резервтер бар. Бұл көлік құралдарын сатып алудан бас тартып, такси қызметіне көшсе, жалақы арта түспек. Басқару құрылымдарын қысқарту, оның ішінде қажетсіз басқарушылық лауазымдарды жою керек. Бүгінгі таңда Қазақстандағы жетекші лауазымдардың қатынасы екіден бірді құрайды (1:2), халықаралық стандартта рбойынша 1:10 болуы керек. Жалақыңызды екі емес, 2,5 есе ұлғайта аламыз, - деді Шпекбаев.