"Қазақстанның 20 тау шыңы" экспедициясының альпинистері Мұзтауды бағындырды
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алтайдың ең биік нүктесіне шыққан альпинистермен кездесті
"Қазақстанның 20 тау шыңы" экспедициясы қолданыстағы туристік өнімдерді зерттеп, біздің аймаққа жаңа туристік бағыттарды дамытуға келген, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Даниал Ахметов қазақи қонақжайлылығын көрсетіп, дастархан жайды. Спортшылар мұндай қабылдауды күтпесе керек.
Кездесу барысында альпинистер экспедиция жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісіп, жолда кездескен қиындықтарын баяндады. Даниал Ахметовтің өзі де тауды және осы сияқты экспедицияларды ұнататындығын, осыдан үш жыл бұрын өзі де Мұздауды бағындырмақшы болғандығын, әйткенмен, жұмыс пен уақыттың аздығы мүмкіндік бермегендігін айтты.