Қазақстан Президенті Арал мәселесіне арналған кездесуге қатысты
Түрікменстанда Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кездесуі өтті
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне дәстүрлі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, саммиттің жоғары деңгейде өткенін атап өтті, деп Ақорданың ресми сайты хабарлады.
- Кездесуіміз барлық мұсылмандардың киелі Құрбан айт мерекесінен кейін бірден өтті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бауырлас халықтарымызға гүлдену, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Арал теңізінің дағдарысы - адамзат тарихындағы ең үлкен экологиялық апаттардың бірі. Соңғы жарты ғасырда теңіз суының ауданы 9-ға және су көлемі 30 есеге азайған.