Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Дүкенді тонаған ұры қолға түсті

Қылмыстық оқиға Өскемен қаласындағы Бабкина Мельница ауданындағы дүкендердің бірінде орын алған

Ұры дүкен кассасынан ақша жымқырған. Дүкеннің камерасына түсіп қалған бейнежазбадан дүкенге сауда жасауға келген азаматтың сөрелерге қарап ұзақ тұрғаны байқалады. Анықталғандай, ол ақша сақталған кассаны бақылап тұрған көрінеді. Ал өз кезегі келгенде сатушыдан тауар сұраған азамат сатушының теріс бұрылғанын пайдаланып, қолын созып сөре астындағы ақшаны ала қашқан.

- Дүкен сатушысы тез арада полиция қызметін шақыртқан. Сатушылардың сөзіне сүйенсек, ұры "Ниссан" көлігіне отырып, Абай даңғылы бағытында ізін суытқан, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. Қылмыскердің белгілері көшелерді патрульдеп жүрген полиция экипаждарына берілді.

Бірнеше минуттың ішінде полиция қызметкерлері келесі көшеден сипаттамаға сай көлікті анықтаған. Ал көлік жүргізушісі өзімен бірге келген жолаушының жол бойында түсіп қалғанын айтқан. Ақпарат радио байланыс арқылы басқа тәртіп сақшыларына да таралған. Күдіктінің кеткен бағытын мөлшерлеген полиция қызметкерлері оны талдардың арасынан тауып алған.

- Күдікті бұрын іст болған 27 жастағы Өскем ен қаласының тұрғыны, - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі. - Сонымен қатара, ол қаладағы тағы екі дүкенді тонады деген күдік бар. Азамат ҚР ҚК 11-бабы 2-бөлімі бойынша жауапқа тартылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Следующая →