Қазақстандық компания Байқоңыр экологиясын бақылайды
Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық мониторингісін ҚР Қорғаныс министрлігі мен Аэроғарыштық индустриясына бағынысты «Ғарыш-Экология» ҒЗИ РМК жүзеге асырады
«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу және дамыту орталығының бас директоры Жайлауов Жұбатов бүгінгі күні кәсіпорынның жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды «Казақпарат» сайты.
- 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін біздің мамандар Байқоңыр ғарыш айлағынан 158 зымыран ұшырылымының экологиялық қолдауына қатысты. Зымырандар мен ғарыштық қызметтің әсеріне байланысты 18 ауданның экологиялық тұрақтылығы, тұрғындарының денсаулығы мен өмір сүру сапасына баға берілді, - дейді Жайлаубек Жұбатов.