Шенеуніктердің еңбекақысы екі есеге ұлғаймақ
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа еңбекақы аудару жүйесі енгізілмек. Ол кепілді міндетті айлық пен үстемақыдан тұрады
Шенеуніктердің еңбекақысын аудару бойынша жаңа жүйе ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша енгізілмек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Жаңа жүйе бірнеше мекемеден сынақтан өткен. Сараптама қорытындысы бойынша, сынама жүргізілген мекемелерде қызметкерлердің жұмыстан шығуы үш есеге азайып, бос жұмыс орындарына үміткерлері саны екі есеге артқан. Жаңа жүйеге ауыса отырып, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы шамамен екі есеге артпақ.