Қызылордалық балалар көптен күткен жаңа жылдық сыйлықтарын алады
Әкімнің шыршасына шақырылған қызылордалық балалар сыйлық ретінде 2018 жыл қарсаңында ноутбуктер алуы керек болатын
Алайда балалар жаңажылдық сыйлықтарына тек тамыз айында қолжеткізбек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
2018 жыл қарсаңында әкімнің шыршасына Қызылорданың 200 баласы шақырылған. Олардың арасында оқу озаттары, жарыс жүлдегерлері, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар бар еді. Олардың әрқайсысы жаңажылдық сыйлық ретінде әкім атынан ноутбуктер алуы керек еді. Бірақ уәде етілген сыйлықтар уақтылы берілмеді. Балалар көптен күткен сыйлықтарына енді ғана қол жеткізді.