Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Жақында абаттандырылған аулаларды аралау барысында Даниал Ахметовке тұрғындар жұмыс сапасына қатысты өз пікірлерін білдірді
Карбышев көшесі, 44 үйдің ауласы айтарлықтай жақсарып қалған. Бұл өзгерістерді тамашалап болған соң, қайтуға бет алған әкімнің жанына көрші үйдің екі тұрғыны жақындады.
- Аула алдын жаңартып бергеніңізге рахмет. Бұл жер жақсарып, балалар үшін де ыңғайлы болып қалды. Бірақ тағы бір кемшілік – бұндағы орындықтарды алып тастады. Енді үй тұрғындары отыратын орын болмай қалды. Сонымен қатар, жаңбыр жауғаннан кейін есіктің алдына шалшық су толып қала береді, - деп шағымданды қала тұрғыны.
Сол орында облыс басшысы Өскемен қаласы әкімінің м.а. Ольга Булавкина мен орынбасары Бауыржан Құдияровқа келеңсіздіктерді дереу шешіп, орындық қойып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасауға тапсырма берді.