Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР Бас прокуратурасы жұмыспен қамту бағдарламасының жүзеге асырылуын тексерді

Прокурорлар жұмыспен қамту бағдарламасының 2016-2018 жылдардағы нәтижесін тексергеннен кейін көптеген бұзушылықтар мен қымқыруды анықтады

- 10,5 млрд теңге қаржының тиімсіз пайдаланылуы айқындалды, шамамен 1 млрд теңгенің ұрлығы әшкереленді және 553 млн теңге көлеміндегі несиені мақсатсыз пайдалану ісі анықталды, - делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.

Қайтыс болғандар, мүгедек жандар мен басқа ұйымдардың қызметкерлері жұмыс орындарымен "қамтамасыз" етілген.

Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, Түркістанда дәл осындай айламен қылмыстық топ бюджеттік қаражаттан 464 млн теңгені жымқырған. Қылмыстық топ құрамына Жұмыспен қамту орталығының басшысы, Шымкенттің Еңбекші ауылының жергілікті полиция бастығы кірген.

Республикада жалған еңбекке тарту бойынша барлығы 120 жұмыс беруші қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Прокурорлардың ұсынған ақпаратына сәйкес, бағдарлама аясында оқытылған 83 мың жұмыссыз азаматтардың тек 28%-ы ғана (23 мың адам) иеленген мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылған.

Мысалы, Алматы облысының Балқаш ауданында 45 млн теңге бюджет қаражатына 250 адам сұранысқа ие емес мамандықтар бойынша оқытылған. Салдарынан олардың тек 3-уі ғана жұмыс орнын тапқан, деп атап өтті Бас прокуратурада.

Сондай-ақ, 1,8 млрд теңгеге 930 несиенің негізсіз әрі мақсатсыз берілгендігі анықталды.

Несиелер бизнес субъектілеріне өндірісті кеңейту үшін және жаңа жұмыс орындарын құруға арналған болатын. Алайда мемлекеттен алынған қарыздар басқа несиелерді өтеуге, мүліктерді әрі автокөліктерді сатып алуға жұмсалған, делінген хабарламада.

300-ге жуық бизнесмен несиелерді ала салысымен өздерінің қызметтерін бірден тоқтатқан.

Тексеру нәтижелерінен кейін 1 млрд теңге залал келтірілген 195 қылмыстық іс қозғалды. Бас прокурормен премьер-министрге заңды бұзушылықты жою және жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыным енгізілді.

Следующая →