Германияда үшінші жыныс ресми түрде қабылданды
Германия үкіметі азаматтық хал актілерін тіркеу кітабына үшінші жынысты бекіту туралы бұйрық берді
Германия билігі заңнама өзгерістер енгізді. Соған орай, ел азаматтары өздерін ресми түрде үшінші жынысқа жатқызуға құқылы, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Осы өзгерістерге сәйкес, дәстүрлі "ер" және "әйел" жыныс түрлеріне үшінші "интерсексуалды" жыныс қосылады. Ал Германия басшылығы бұл әрекеттерін өздерін қай жыныстық топқа жатқызарын білмей жүрген азаматтарға көмектесу деп біледі.
Заң жобасы Германия Конституциялық сотының шешімі бойынша жасалған, енді оны төменгі палата қарап шығады.
Айта кетейік, әлемде үшінші жынысты Аустрия, Аустралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада, Үндістан мен Пәкістан, Непал мойындап қойған.