Қазақстанда оқулық жеткізілмей жатыр
ҚР Білім және ғылым министрлігі 12 млн оқулықтың басылып шығарылғанын, алайда тасымалдаушылардың кітапты уақытында жеткізбей жатқанын хабарлады
Тасымалдаушылардың кесірінен оқу жылы оқулықсыз басталуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тендерге қатысқан мердігерлер байқауды ұтып алу үшін аз қаржы ұсынып, кейін оны таси алмай әуреге түсуде.
- Кейбір аудандарда машина бола тұра, кітаптарды атпен таситыны жасырын емес. Кітаптарды неге тығыздап қаптайтыны белгілі болды, - дейді ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова.
Оның үстіне, бұрын да кітаптарды кешіктіріп жеткізген мердігерлер әлі де тендерге қатысып жүр. Бұл мәселені шешу үшін министрлік кітаптардың интерактивтік картасын жасап, оның жеткізілу жағдайын бақылауда ұстауды ойлап отыр.