"Оскар" жүлдесіне жаңа номинация қосылуы мүмкін
Америка киноакадемиясы "Оскар" жүлдесіне ең бюджеті көп танымал фильм номинациясын қосуды ойлап отыр
Киноакадемияның хабарлауынша, мұндай номинация жүлде жарысына келесі жылы қосылуы мүмкін. Одан бөлек, кинопремияның басшылары жүлдені табыстау шарасын үш сағаттан да астам уақыт транслятциялауды ойлап отыр. Номинацияларды үлестіру арасында жарнама да қосылып, шоудың өзі қызықты бола түспек. Шоу бағдарламаны тікелей эфирден көрсету арқылы телеаудиторияны кеңейту, сол арқылы жарнаманың көптеп сатылуын жақсарту мақсатында жасалып отыр.
Ал жүлде 2019 жылы 9 ақпан күні беріледі.
Салтанатты шоуды былтыр 26,5 млн адам ғана тамашалаған. Ал оған дейін рейтинг 40 млн адам болатын.