"АрМИ-2018" ойындарында Қазақстан көш басында
"Отар" 40-шы әскери базасында халықаралық әскери ойындар аясындағы қатысушылардың сайысы жалғасуда
Байқаудың алғашқы "Артиллериялық от шебері" кезеңі соңына жетті, деп мәлімдейді "Қазақпарат" ХАА сайты.
Кезең қорытындысы бойынша Қазақстанның қарулы күштерінен құралған командасы бірінші орын алды. Ал екінші және үшінші орындарға Белоруссия мен Ресей құрамалары жайғасты.
Ал "Сұңқар аңшылық" алғашқы тапсырмаларын да қазақстандықтар үздік орындады, екінші орында Белоруссия командасы келе жатыр.
Басқа қатысушылардың нәтижесі бүгін белгілі болмақ. Сонымен қатар, бүгін "Сенімді әдіс" байқауы басталады.