Эйфель мұнарасының қызметкерлері бір жарым күн бойы ереуілде жүр
Францияның басты ғимараттарының бірі – Эйфель мұнарасы ондағы қызметкерлердің ереуіліне байланысты келушілер үшін жабылды
Ереуіл сәрсенбі күні басталған. Бір жарым күннен кейін мұнара туристерді қайта қабылдай бастамақ, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Жұмысшылар еңбек шарттарын жақсартуды талап еткен. Басшылық пен кәсіподақ арасындағы келіссөздер нәтижесінде ереуіл тоқтатылды. Жұмыскерлердің талаптары толық қанағаттандырылмақ.
- Мұнараның SETE оператор-компаниясының жарты қызметкерлері бастаған ереуіл тоқтатылды. Эйфель мұнарасы келушілеріне есігін айқара ашпақ, - деп мәлімдеді компания.