Қазақстанда электрондық визаларды беруді бастамақ
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға келген шетелдіктерге электронды виза беруді жоспарлап отыр
Қазақстанда "Электронды виза" жол картасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Қазақпарат.
Осы жұмыс аясында электронды өтінім форматын әзірлеу және туристік және бизнес сияқты бірыңғай электронды визаны алу, оның ішінде емдеуге жіберу жоспарлануда.
Тестілеу режимінде электрондық виза жобасы биылғы жылы іске қосылады. Ал тестілеу нәтижелеріне байланысты визаның осы түрін әзірлеу мен енгізу бойынша қажетті жұмыс жалғасады.
Электрондық виза иелері Алматы мен Астананың әуежайлары арқылы Қазақстанға келеді деген болжам бар.