Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ат спортынан республикалық жарыс өтті

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екі жас ерекшелігі бойынша Паралимпиадалық ат үйрету және Арнайы бағдарламадан Қазақстан Республикасы ат спорты Федерациясының III-ші Ашық Кубогі өтті

ШҚО Спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл аталмыш сайысқа бес облыстан ұзын саны 28 қатысушы келіп қатысты. Олар 14 жасқа дейін және 14 жастан жоғары жас бойынша өз өнерлерін ортаға салды. 

Жүлделі орындарды сарапқа салуға өскемендіктерден бөлек, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды сондай-ақ Павлодар облыстарының өкілдері жарыс жолына шықты. 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының намысын "Ак Тай мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғау Қоры" акционерлік қоры және ШҚО-ғы "ҚР ат спорты Федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі сынды екі команда қорғады.

Алғашында қатысушылар саны айтарлықтай аз еді. Біздің өңірден бөлек, өздеріңіз байқағандай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында Филиал ашылды. Шәкірттеріміз мұның алдында бірнеше рет Халықаралық деңгейдегі додалдарда жүлде алып үлгерді. Осы спорт түріне барынша  қолдау танытып келе жатқан облыс әкімдігіне алғыс білдіргім келеді, – деді ШҚО-ғы "ҚР ат спорты Федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі Филиалының басшысы Николай Кузьмин.


Следующая →