Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да он жасар балаға тері ауыстыру қажет

Он жасар Нұрәлі Сейітбатталұлының денесі 70 пайызға күйіп қалған, оған дереу арада көмек керек

Шемонаиханың жас тұрғынына бұған дейін тоғыз рет ота жасалған. Алайда балаға әлі де көмек керек.

Нұрәлінің тағдырына әсер еткен жағдай былтыр болған. Құрдастарымен ойнап-күліп жүрген Нұрәлі аяқ астынан қайғылы жағдайға душар бола жаздады. Үш бала оны ақша әкелмегені үшін әлімжеттік жасап, үстіне жанармай құйып, өртеп жібермек болған.

Алайда бұл деректі облыстың ІІД теріске шығарып отыр.

- 2017 жылы 5 маусым күні жасөспірімдер мыс кабель тауып алып, оны металл қабылдайтын орынға апарып сатпақ болған. Апарардың алдында мысқа жанамай құйып, өртемек болған. Сол кезде жел соғып, оттың шоғы Нұрәлінің үстіне шапшыған. Киімі мен шашы күйген, - дейді мекеме.

Ал жасөспірімдер кәмелеттік жасқа толмағандықтан, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Қазір Нұрәлі Астанада ауруханада жатыр. Баланың толықтау сауығуы үшін терісін ауыстыру керек. Ота 4 млн теңгеге жасалады. Ал көпбалалы отбасының бұған шамасы жоқ.

Науқас балаға көмектескісі келген жандар төмендегі реквизиттер бойынша қаржы аудара алады:

Халық банкі: 4402 5701 0337 3997

Каспий банк: 5169 4931 9671 9580

ЖСН: 760710402703 Айгүл Рысбекова – анасы)

Следующая →