Қазақстандықтарға медицинада салықтық жеңілдіктер қарастырылған
Салық кодексі медициналық қызметтерге төленетін ақыны шегеруді қарастыруда
Салықтық шегерімнің көлемі – жылына 8 минималды табыс мөлшерінен көп емес. 2018 жылы 226272 теңгені құрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Қандай медициналық қызметтерге салықтық жеңілдіктер берілетінін "Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі" кодексі анықтады. Қызметтерді мемлекеттік және жеке клиникалардан да алуға болады.