Қазақстан мектеп оқушылары арасында байқау жарияланды
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің 16-18 жастағы ағылшын тілін жетік білетін оқушылары көлік тақырыбындағы байқауға қатыса алады
Байқаудың басқа шарттары – физика-математика және жаратылыстану ғылымдары саласында жетістіктері, жоба бойынша тәжірибесі болуы керек.
Командаларды облыстық әкімдік жасақтайды. Ал байқау жайлы ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы бойынша департамент директоры Қарлығаш Есенбаева мәлімдеді.
Іріктеу кезеңі Астанада 24-26 шілде күндері өтеді, байқау финалистері 19-26 тамыз аралығында өтетін Cranfield ғылыми-танымдық сапарына аттанады.