2019 жылы Қазақстандағы халық санағы жаңа форматта өтеді
Қазақстанда халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Соңғы санақ 2009 жылы жүргізілген еді
Ал 2019 жылы кезекті санақ жүргізілуі керек, жеп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
- Биыл Бурабай мен Ақмола облыстарында пилоттық режімде санақтың жаңа форматы жүргізілді, - дейді Астана Статистика департаментінің директоры Құндызбек Әбдаріслов.
2019 жылға жоспарланған негізгі санақ жаңа форматта өтеді. Яғни, цифрлық ақпараттық-инновациялық технология қолданылады. Оның әдеттегі санақтардан өзгешелігі – бюджеттік мекеме қызметкерлері санақ жүргізу жұмыстарына тартылмайды.